Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің химиялық өнімді тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 83 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11367 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібі»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу үшін өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация):
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін химиялық өнімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қауіпсіздік паспорттары;
2) порталға: