«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 6-қосымша) (2016.31.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 947 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына

6-қосымша

 

 

 «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2016.31.10. берілген өзгерістермен)

 

«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы);

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 12 (он екі) ай өткеннен кейін. Өтінім берушінің өтініші бойынша сараптама ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялайды.

Мерзім:

қызмет алушы өтініш бергені үшін белгіленген көлемде төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда, төрт айдан аспайтын мерзімге;

қызмет алушы өзгертілген, қосымша немесе жетіспейтін құжаттарды, сондай-ақ бірлік талабы бұзыла отырып берілген өтініш бойынша нақтылауларды ұсынуы қажет болған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;

қызмет алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.