«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 99 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу тәртібін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін айқындайды»;