2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 124-бабы екінші бөлігінің, 127-бабы тоғызыншы бөлігінің және 171-бабы төртінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 40-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
өтініш субъектісі Н.С. Калижановтың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің өкілі - басшының орынбасары А.С. Мусралиновтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - вице-министр А.Қ. Мұқанованың,
Республикалық адвокаттар алқасының өкілі - ғылыми-консультативтік кеңестің төрағасы С.В. Сизинцевтің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің бас консультанты Р.Т. Байтеленовтің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Н.С. Калижановтың 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 124-бабы екінші бөлігінің, 127-бабы тоғызыншы бөлігінің және 171-бабы төртінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі - Конституция) сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.
Баяндамашы - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Қ.С. Мусинді және отырысқа қатысушыларды тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасы мен жекелеген шет елдер заңнамасының нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі - Конституциялық Сот)
анықтады: