«Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистерінің және функцияларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 113 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистерінің және функцияларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 113 бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі

 

Е. Нагаспаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп

және құрылыс министрінің

2026 жылғы 19 наурыздағы

№ 113 бұйрығына

 1-қосымша

 

 

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.