«Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 842/НҚ бұйрығы

Ғарыш қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 842/НҚ бұйрығы

 

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 56-7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыштық және жерүсті сегменттерін пайдалану» кәсіптік стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ғарыштық суреттерді бастапқы өңдеу және сапасын бақылау» кәсіптік стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ғарыш аппараттары мен ғарыштық жүйелерді жобалау» кәсіптік стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Зымыран-ғарыш техникасын және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану» кәсіптік стандарты бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.