«Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 115 бұйрығы (күші жойылды)

«Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 115 бұйрығы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16774 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.