«Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шiлдедегi № 400 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 86 және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 162 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шiлдедегi № 400 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;