«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 20 бұйрығы (күші жойылды)

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 20 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 67 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде (бұдан әрі - Қағидалар):

10-тармақтың 10-тармақшасы алып тасталсын;

18-тармақтың 7-тармақшасы алып тасталсын;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау кезінде тиісті мемлекеттік басқару деңгейлерінде екінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және мақұлдау жөніндегі осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде облыстардың (аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.