Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығы
(2023.06.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.20.07. № 527 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.20.07. № 527 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.15.05. № 330 бұйрығымен күші жойылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.