«Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/908 бұйрығы (2020.22.12. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/908 бұйрығы

(2020.22.12. берілген өзгерістермен)

 

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 101-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 12 қазандағы

№ 18-02/908 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану
қағидалары

 

1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 101-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн регламенттейдi.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020.22.12. № 329 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.