Жангелдин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 93 «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 11 Қаулысы
Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 23 маусымдағы № 93 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) енгізілген өзгерістерді аумақтық әділет органында тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оның Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылы 18 қаңтар
№ 11 қаулысымен
бекітілген
«Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер