«Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-201/2020 бұйрығы (2025.15.11. берілген өзгерістермен)

Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-201/2020 бұйрығы

(2025.15.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.30.10. № 124 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 210-бабының 3- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 24 қарашадағы

№ ҚР ДСМ-201/2020

бұйрыққа қосымша

 

 

Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің)

тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту

қағидалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.