«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республика Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 Қаулысы (2017.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республика Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 Қаулысы

(2017.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:

«Бағдарламаның міндеттері» деген кіші бөлімдегі «5-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту» деген жол алып тасталсын;

«Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген кіші бөлімде:

«Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:

млн. теңге

»;

«2. Кіріспе» деген бөлімде:

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы.»;

«4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

 «5-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту» деген кіші бөлім алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.