«Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 74-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -