«Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 690 бұйрығы

 «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 690 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9883, 2014 жылғы 2 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағының 54-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысаны.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.