«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/495 Қаулысымен бекітілді) (2016.30.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің 2016.21.04. № А-5/186 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қазандағы

№ А-11/495 қаулысымен

бекітілді

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/40 Қаулысымен күші жойылды

 

 

«Оралман мәртебесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.30.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.