«Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 46 бұйрығы

«Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 46 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21388 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.