«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 119 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 119 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.