Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 115 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 115 қаулысымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қаулыларының
тізбесі