«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

 «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Сарапшыларды сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуге тартудың қажеттілігі:

1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі - тексеру комиссиялары) мүшелерінің аудиторлық іс-шара жүргізуге арналған өтінім жасауы;

2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;

3) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу кезінде айқындалады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Сарапшылар Қағидаларда айқындалған ішкі сараптамалардан өтуді ескере отырып, жиналған дәлелдемелер негізінде аудиторлық қорытындыға және жиынтық тізілімге тұжырымдар мен ұсынымдарды қалыптастырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.