Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 1 шілдедегі № 228 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 230-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10887 болып тіркелген);
2) «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 276 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15660 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;