«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 273 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 389 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бастапқы бизнес (стартап жоба) - мемлекеттік грант үшін, кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкердің мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан кем «Еңбек» бағдарламасы қатысушыларының бизнес-жобалары;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) кепілгер - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның кепілдік беру жөніндегі ЕҰ);»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) кредитор - ЖАО (сенім білдірілген адам (агент) арқылы), микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі - КС)/ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «АШҚҚҚ» АҚ);»;
18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: