«Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылы 23 ақпандағы № 140 бұйрығы

Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылы 23 ақпандағы № 140 бұйрығы

 

«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.