«Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 8/2-VII шешімі

Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 8/2-VII шешімі

 

Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8144 нөмірімен тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қаланың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 75 502 078,5 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 38 796 713,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 270 220,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 948 206,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 22 486 937,9 мың теңге;

2) шығындар - 68 496 551,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 376,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 4 376,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 340 050,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 341 850,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 800,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 661 101,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 6 661 101,4 мың теңге;

қарыздар түсімі - 6 365 394,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 13 275 881,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 385,6 мың теңге.»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Өскемен қаласының 2021 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 243 513,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық маслихат хатшысы

А. Светаш

 

Өскемен қалалық мәслихатының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.