«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 115 бұйрығы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестесi келiсiлген кезде маршрут бойынша деректер осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлген салмақ және көлем өлшемдерінен асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және белгіленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетiспеуiн және зақымдануын (бүлiнуiн) анықтау осы Қағидалардың 143-тармағына сәйкес белгiленедi және тасымалдаушының залалды өтеуі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.»;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: