Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығына 5-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері министрінің

2016 жылғы 19 мамырдағы

№ 103 бұйрығына 5-қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кәсіби, қызметтік

және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 36-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Қызметкерлерді кәсіби дайындаудың негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) нормативтік-құқықтық актілерін зерделеу және оларды жедел-қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде қолдану;

2) қызметкерлерді жедел-қызметтік міндеттердің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін шеберлік және тиімді іс-әрекеттерге үйрету;

3) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нақты бөлімшелері қызметінің ерекшелігін ескере отырып, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру;

4) арнайы техника мен арнайы құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру болып табылады.

 

 

2-тарау. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының
мазмұны

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.