«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 436 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.А. Оршубеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық нұсқадағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты ресмия жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім (А.Ж. Тойбаев), Техникалық және кәсіптік білім (Н.Ж. Оспанова), Мектепке дейінгі және орта білім (Ш.Т. Каринова) департаменттері «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін.