(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ТІЗБЕСІН, НЫСАНД...

Қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының оларды ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 34 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының оларды ұсыну мерзімдері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерін орналастыру туралы есеп» нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің түсімі және оларды пайдалану туралы есеп» нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қаржы құралдарының түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп» нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтер қозғалысының болжамы» нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомалары және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны туралы мәліметтер» нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.