«Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығы (2023.09.10. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығы

(2023.09.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 13 қарашадағы № 304-НҚ бұйрығымен 2026 ж. 1 желтоқсаннан бастап күші жойылады

 

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция министрі

 

Б. Сұлтанов

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2023.21.09. № 347-НҚ бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2023 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция министрінің

2021 жылғы 20 қазандағы

№ 566-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер

 тізбесі

 

№

Объектісі мен қолданылу саласы көрсетілген өлшемдер атауы

Метрологиялық талаптар

Ескертпе

Өлшеу диапазоны

Шекті жол берілетін қателік немесе дәлдік сыныбы

1

2

3

4

5

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.