«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 278 бұйрығы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 278 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидасында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер», «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атақтары (бұдан әрі - құрметті атақтар), «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін», «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері (бұдан әрі - төсбелгілер) және құрмет грамоталары:

1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитеттер) мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;

2) Комитеттердің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;

3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне;

4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми қызметкерлерге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.