«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 12 қарашадағы № 772 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің 2-1, 210-тармақтарының, 213-тармағының 8) тармақшасының, 218-тармағының 19) тармақшасының, 220-тармағының, 230-тармағының 4) тармақшасының, 234-тармағының үшінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының, 236-тармағының төртінші бөлігі 25) тармақшасының, 238-тармағының 13) тармақшасының, 387-тармағының 5) тармақшасының және 392-тармағының қолданысы 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда тоқтатыла тұрсын.
2. 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар бекітілсін:
210-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
«210. Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінде ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Рәсімдердің 209-тармағында көзделген құжаттардан басқа, «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Рәсімдерге 64 және 74-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сканерленген үлгілерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлға үшін: