Осы редакция 2017 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
4-қосымша
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.еgov.kz «электрондық үкімет»: веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорация, сондай-ақ портал арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;