«Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығы (2026.10.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығы

(2026.10.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026.25.09. № 115 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026.25.09. № 115 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

2. «Патологиялық-анатомиялық диагиостиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 97 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10577 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.