«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 677 бұйрығы (күші жойылды)

«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 677 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 562 бұйрығымен күші жойылды (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 173-бабына, Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 253 (28476) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

Осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларында:

8-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу»;

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын, туберкулезбен ауыратын, жазасын өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпеген адамдар, сот шешімімен босатылған соң босатылу орны бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.