(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ...

Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 Қаулысы

(2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Құпия.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 1357 қаулысымен

бекітілген

 

 

Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық қорғаныс объектілерін құру мен пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтық қорғаныс объектiлерi - басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары;

2) басқару пункттері - азаматтық қорғауды басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.