«Смарт-қалаларды» және «смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 141/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 463/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. ««Смарт-қалалар» мен «смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 141/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Смарт-қалалар» мен «смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістеме осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Smart Region департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі