Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1382 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13315 болып тіркелген);