Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 24 қазандағы № 218 Қаулысы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:
«ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;».