«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 қаулысымен бекітілген) (2016.15.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 18 қарашадағы

№ 4/637 қаулысымен

бекітілген

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/581 Қаулысымен күші жойылды

 

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.15.08. берілген өзгерістермен)

 

 

 1. Жалпы ережелер

 

1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау ұйымдары арқылы (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетіледі.

Алматы қаласы әкімдігінің 2016.15.08. № 3/388 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

Алматы қаласы әкімдігінің 2016.15.08. № 3/388 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Мемлекеттік корпорацияда - диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы анықтама беру;

денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұруы / тұрмауы туралы психиатр дәрігердің анықтама беруі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.