Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделуіне қойылатын талаптарды, Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін өтiнiштің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы, «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы, «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi, «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi, «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы, «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi, «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделуіне қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін өтiнiштің мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.