Орал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 9-11 «Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 24-11 шешімі
Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының «Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 ақпаңдағы № 9-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7330-07 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын: