«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығы (2023.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығы

(2023.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.23.10. № 1119 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 1 және 2-тармақтарына, 133-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг туралы келісім нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілер санаттары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.