Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXV сессиясының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 468 шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 518 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, депутаттарының бастамашылығы бойынша, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1601 рет санымен тіркелген, 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 152-153 санында және 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 152-153 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 743 792 804,9 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 516 525 450,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 5 694 316 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 095 120 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 212 477 918 мың теңге;
2) шығындар - 873 046 225,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру - 19 504 287 мың теңге;