(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ...

2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 шешімі

 

Осы редакция 2020 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 92 834 981 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 42 959 516 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 278 484 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 400 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 44 196 981 мың теңге;

2) шығындар - 83 834 981 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) - 9 000 000 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - - 9 000 000 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 9 000 000 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.