ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 24-баптың бірінші бөлігінің 19) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті органның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуға міндетті.»;
1-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 26 ақпанға дейін қолданылды
2) 425-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «2) және» деген сөздер «1-1), 2) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацының ережесі Ұлттық инфрақұрылым операторына қолданылады деп белгіленді
«1-1) қосылған құн салығы бойынша міндеттемелер туындаған жылдан кейінгі жылдың екінші айының 25-күнінен кешіктірмей - осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, есепті салықтық кезеңнің екінші және үшінші тоқсандары үшін бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы;»;
1-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 550-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
4) 553-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4-тармақ кестесінің 4.4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«