5) осы Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.
1) жұмыс берушінің өтінімі бойынша кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін ол мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасуға;
2) осы Кодекске және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртібін, шарттары мен мерзімдерін сақтауға;
3) мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге;
тұрғылықты жерін ауыстыруды;
тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссыз адаммен одан әрі жұмыс істеу тәртібіне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметтерді уақтылы, бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
5. Осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жұмысқа орналастыру жөніндегі міндет:
1) басқа тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда;
2) жұмыссыз адамның тиісті құжаттармен расталатын қайтыс болуына байланысты;
3) әскери қызметке шақырылуға байланысты;
4) сот шешімі бойынша бас бостандығынан айырылған жағдайда;
6) үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеген жағдайда;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсуге байланысты тоқтатылады.
100-бап. Жұмыссыз адамды есептен шығару
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мансап орталығы жұмыссыз адамды (әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін және есептен шығарылатын адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) мансап орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгеннен кейін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы мансап орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін уақтылы хабардар етпегенде;
мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орны бойынша;
мансап орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін шақыру бойынша үш жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз келмегенде;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатқанда;
4) жұмыссыз адамның осы Кодексте және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету мерзімдерін дәлелді себептерсіз бұзғанда;
5) егер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаса, жұмыссыз адам заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғанда не мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
6) осы Кодекстің 99-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы Кодекстің 99-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сəйкес өзгерістер туралы мансап орталығын мерзімінде хабардар етпегенде есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң ғана мансап орталығына жұмыссыз адам ретінде қайта тіркеле алады.
1. Кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлікпен жетудің қолжетімді болуына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.
2. Жұмыс іздеуші адамның немесе жұмыссыз адамның келісуімен ғана тұрғылықты жерін өзгертуге байланысты лайықты жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Тұрғылықты жерден лайықты жұмысқа көлікпен жетудің қолжетімділігін мансап орталықтары қоғамдық көлік қозғалысы маршруттарының болуын және лайықты жұмыстың тұрғылықты жерден қашықтығын ескере отырып айқындайды.
3. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан артық жұмысы болмаған адамдар үшін алдын ала кәсіптік даярлауды талап ететін жұмысты, ал оны ұсыну мүмкін болмаған жағдайда - адамдардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктері және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып, ақы төленетін басқа жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
2026.07.04. № 277-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мүгедектігі бар адам үшін оның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі ескеріле отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал үш жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын адамдар үшін - икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар үшін - икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.
5. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып) уақытша сипаттағы жұмыс:
1) бірінші рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар;
4) ұзақ (екі жылдан астам) үзілістен кейін еңбек қызметін қайта жалғастыруға талпынғандар, сондай-ақ мансап орталықтары оқуға жібергендер және дәлелсіз себеппен оқуын тоқтатқандар;
5) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тоқтатылғаннан кейін кәсіптік оқытудан немесе қосымша білім алудан бас тартқан адамдар қатарындағы жұмыс іздеуші адамдарға және жұмыссыздарға лайық деп есептеледі.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 101-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
101-1-бап. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдарды əлеуметтік қамсыздандыру
1. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген шарттарға сəйкес келетін жеке тұлғалар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдар деп танылады.
2. Осы Кодекстің 102-1-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар осы Кодекске сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жəне əлеуметтік аударымдарды, «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды өздері алған кірістерден төлеуді жүргізеді.
3. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың төлеуіне жататын əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырған есепті айда алған кірісі олар үшін əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте əлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен жəне Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
4. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленген.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алынған кіріс түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
5. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленген.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
102-бап. Платформалық жұмыспен қамту
1. Платформалық жұмыспен қамту интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрін білдіреді.
2. Платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:
1) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі - Оператор) - интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін цифрлық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) тапсырыс беруші - интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) орындаушы - интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
3. Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.
Оператор мен тапсырыс беруші, сондай-ақ орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес реттеледі.
4. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау үшін орындаушы-заңды тұлға жұмыскерлерді тартқан жағдайда, олармен еңбек қатынас тары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімделеді.
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 102-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 102-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102-1-бап. Интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды əлеуметтік қамсыздандыру
1. Оператор Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жəне интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жəне əлеуметтік аударымдарды, «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды жəне Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды жəне ұстап қалған сомаларды аударуды жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін осы режим шеңберінде олардың есепті айда Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кіріс əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте айына əлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен жəне Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс.
5. Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, əлеуметтік аударымдарды жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу жəне аудару тəртібін уəкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органдармен жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.
103-бап. Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) персоналды кәсіптік оқыту жүйесін дамыту;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы кадрлар даярлау;
4) құрылымдық өзгерістер барысында білікті жұмыскерлердің кадрлық әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;
5) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсыну;
6) жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген, оның ішінде мансап орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдарды бар бос орындарға ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қабылдау;
7) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру;
8) мансап орталықтарына (еңбек мобильділігі орталығына) және (немесе) Электрондық еңбек биржасына сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындарды және жұмыс орындарының болжамды құрылуы туралы деректерді беру;
9) жұмыс орындарын құру жолымен қатысады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мемлекеттік қызметшілердің, сайланбалы мемлекеттік лауазымдардың, Қазақстан Республикасы Құрылтайы және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының, әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос орындар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасына еңбек жағдайлары мен төлемін көрсете отырып орналастыруға;
2) мансап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босатылатыны туралы, босатылу қатысты болуы ықтимал жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы ақпаратты жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олар босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, босату басталғанға дейін бір айдан аз уақыт бұрын жазбаша немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы толық көлемде беруге;
3) жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыссыз адам оқуын аяқтағаннан кейін оны өз өтінімі бойынша мәлімделген жұмыс орнына орналастыруға немесе мансап орталығының (еңбек мобильділігі орталығының) оқытуға жұмсаған шығыстарын өтеуге;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларды қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындауға міндетті.
Жұмыс беруші белгіленген квотаны орындаған кезде жұмыс орнын бейімдеу, еңбек жағдайларын өзгерту, жекелеген еңбек функцияларын қайта бөлу жөніндегі шараларды жəне мүгедектігі бар адамға еңбек міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін өзге де шараларды қамтамасыз етеді;
5) жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратта еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;
6) осы Кодекске сәйкес зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды жүргізуге;
7) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға (төлеуге) міндетті.
1) өзіне тікелей жүгінген адамдарды мансап орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдармен теңдей жағдайда жұмысқа қабылдауға;
2) еңбек нарығының жай-күйі туралы ақпаратты өтеусіз негізде алуға;
3) мансап орталықтарынан жұмыссыздарды іріктеу және жұмысқа орналасуға жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға;
4) уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға;
5) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруға субсидия алуға құқығы бар.
2-параграф. Консультация және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
104-бап. Мансап орталықтары жұмыскерлерінің консультациясы
Мансап орталықтарының жұмыскерлері жүгінген адамдарға:
1) бос тұрған (бос) жұмыс орындарының болуы және сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде жұмыс орындарының болжамды құрылатыны туралы;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері мен шарттары;
3) жұмыс іздеуші адамдар мен жұмыссыздардың кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат береді.
105-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
1. Жұмыс іздеуші адамдардың, жұмыссыздардың, қандастардың, сондай-ақ студенттердің, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік кәсіптік бағдар алуға құқығы бар.
2. Әлеуметтік кәсіптік бағдар:
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша жұмысқа орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби ақпарат беруді;