6. Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттау жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде сертификаттауға жатады.
163-бап. Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну
1. Мүгедектігі бар адамдарға жеке бағдарламаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жеке көмекшінің және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылады.
2. Жеке көмекшінің қызметтері жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен күніне сегіз сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.
Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекшінің қызметтері оған күтім жасайтын адамға осы Кодекстің 187-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде ұсынылмайды.
Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
Мыналар:
1) психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған;
2) медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар;
4) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқытудан өтпеген адам;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
7) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам жеке көмекші бола алмайды.
3. Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтері уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.
4. Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жеке көмекшіні және (немесе) ымдау тілі маманын таңдауды жүзеге асырады.
Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген сома шегінде жүргізеді.
164-бап. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
1. Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен стационар, жартылай стационар жағдайларында және үйде көрсетіледі.
2. Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды осы Кодекстің 135-бабына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілер жүзеге асырады.
165-бап. Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту
1. Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту кәсіптік бағдарлауды, кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды), жұмысқа орналастыруды қамтиды және осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес іске асырылады.
2. Жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды немесе қайта оқытуды, оларды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруды жұмыс беруші осы Кодекске сәйкес меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
3-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету тәртібі
166-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы - осы Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін цифрлық объектісі.
2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүзеге асырады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты мүгедектігі бар адамдар мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнамасымен, сондай-ақ нысанын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.
167-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді берушілер
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер болып табылады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына рұқсат беру әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысын алғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылады және өз қызметін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жергілікті атқарушы органдар:
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мүгедектігі бар адамдарға əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлардың жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мəлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының жəне көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сəйкестігін, сондай-ақ олардың жеке абилитация жəне оңалту бағдарламаларына жəне Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестігін;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) өнім берушілердің мүгедектігі бар адамдарға тауарларды жəне (немесе) көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде ұсынуын, өнім берушілердің əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қабылданған міндеттемелерді орындауын;
2) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен талаптарға сəйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.
Мониторингтеуді жүзеге асыру тəртібін уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Мониторингтеу нəтижелері шешім қабылдау кезінде есепке алу үшін комиссияға жіберіледі.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Комиссия жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің жолданымдарын қарайды, бұзушылықтар анықталған кезде жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда комиссия өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан шығару туралы шешім қабылдайды.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:
1) сәйкестігі міндетті растауға жататын берілетін тауарларға сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;
2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
3) берілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынған;
4) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;
7) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілмеген;
8) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;
9) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айналысу үшін лицензия алу талап етілетін қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) ымдау тілі маманы қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған жəне автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган белгілеген талаптарға сəйкес келетін өнім берушілер тіркеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінің талаптары жеке көмекші көрсететін қызметтерге қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 8), 9) жəне 10) тармақшаларының талаптары мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Өнім беруші осы Кодексте белгіленген талаптарды бұзған жағдайда жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жəне (немесе) уəкілетті мемлекеттік орган бекіткен тəртіппен əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығарылуға тиіс.
8. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.
Өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сапасы тиісті емес және (немесе) ұсынылған сипаттамаларға сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізу фактісі анықталған, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарын орындамаған жағдайда олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 168-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
168-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мүгедектігі бар адамдар тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыстарды жеке бағдарламадағы ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тапсырыстарды мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында көрсетілген, мүгедектік белгілеу мерзіміне əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы берілген дəрігерлік-консультациялық комиссияның жарамды қорытындылары бар мүгедектігі бар адамдар жүзеге асырады.
2. Мүгедектігі бар адам тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруді оған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жеке бағдарлама іс-шараларының жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
3. Мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен белгіленетін кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар.
Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (
3-1. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мүгедектігі бар адамның əлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау əдістемесінің негізінде мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын өтетуге құқығы бар.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома жергілікті атқарушы органдар айқындайтын мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді.
4. Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және мөлшерде төленеді.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 169-бап өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
169-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
Мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мынадай:
1) комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер болмаған;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) комиссияның қорытындысы негізінде тұрғылықты жері бойынша мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер болмаған;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) протездік-ортопедиялық көмекпен, есту аппараттарымен қамтамасыз ете отырып, есту протезі көмегімен, кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу жөніндегі қызметпен, мүгедектігі бар адамдардың жеке тапсырыстары бойынша дайындалатын арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілетін жағдайларда тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
4-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
170-бап. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуға құқығы
1. Мүгедектігі бар адамдардың:
1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
2) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
3) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
3. Жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің және өзге де ұйымдардың шешімі бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шаралары берілуі мүмкін.
171-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мен төлеу тәртібі
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны (бұдан әрі - мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар) тағайындауға мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыға құқығы бар адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші негіз болып табылады.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі оған өтініш беруге жәрдемдеседі.
Бұл ретте бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адам өзіне күтім жасайтын адамның кандидатурасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басшысымен келіседі.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам ес-түссіз күйде жатқан кезде оған күтім жасайтын адамға жәрдемақы мүгедектігі бар адамның келісімінсіз жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы берген өтініш негізінде тағайындалады.
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының немесе оның заңды өкілінің өтініші негіз болып табылады.
3. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оларды тағайындау үшін өтініш беру талап етілмейді.
4. Уәкілетті мемлекеттік орган:
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;
еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.
5. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілеген мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық жазалау мерзімі аяқталғанға дейін тағайындалады.
6. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілеген еңбекке қабілеттіліктен айырылудың бүкіл кезеңіне әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады.
7. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.
172-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдем ақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оларды тағайындау үшін проактивті көрсетілетін қызмет арқылы өтініш беру немесе келісу фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау құқығының болмауы;
5) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш беруші келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартуға:
1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;