«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Кодексі (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқылы.

3. Жеке және заңды тұлғалар алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары бола алады.

4. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен оларды төлеудің мерзімділігін ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы өзі дербес айқындайды.

 

253-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтеудің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасасқан келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызады.

 

254-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді ұсыну

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, агенттер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімде міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) сомалары бойынша мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация ұсынады.

Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді.

2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Кодекстің 248-бабына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігіндегі мәліметтер көрсетілмейді.

 

 

5-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН

ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

20-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ

ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

 

255-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

 

256-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін, агенттің міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшін жауаптылығы

1-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 262-баптың 6-тармағының редакциясында қолданылды

1. Уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген әлеуметтік аударымдардың сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе төлеуші мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен аударуға тиіс.

Жұмыскер нақты төлеген және табыс алған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға жарналарды төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен аударуға тиіс.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік кіріс органы төлеушіде əлеуметтік аударымдар бойынша, агентте міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге немесе агентке республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген кезде мемлекеттік кіріс органы:

банктік шоттар бойынша - əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде;

касса бойынша - кейіннен əлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу жəне тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша оған хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің немесе агенттің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші немесе агент Қорға немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен қолма-қол ақшаны олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аудару арқылы бұлжытпай орындауға тиіс.

Төлеушінің, агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің немесе агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына əлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың немесе пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін төлеуші немесе агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген мемлекеттік кіріс органына ұсынады.

6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші немесе агент ұсынған тізімдер негізінде мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын тізімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан берешекті өндіріп алу төлеуші немесе агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

Төлеушінің немесе агенттің банктік шотында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің немесе агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

7. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

8. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің немесе агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар төлеушілердің, агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

 

257-бап. Дауларды шешу

Осы Кодексті орындау бойынша жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, Қор, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік корпорация арасында туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

 

 

21-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

 

258-бап. Негізгі ережелер

1. Қазақстан Республикасының мынадай салаларда:

мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;

халықты жұмыспен қамту;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру салаларындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға және олардың сақталуын тексеруге бағытталған шаралар кешені әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау болып табылады.

2. Жеке тұлғалар және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.

3. Берілген құзырет шеңберінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды:

мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша - уәкілетті мемлекеттік орган;

мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау (жұмыс берушілердің міндеттері бөлігінде) және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша - мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

салық агенттері мен дара кәсіпкерлердің өзі үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды есептеуді, ұстап қалуды және аударуды толық және уақтылы жүзеге асыруын бақылау бойынша мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бақылау және тексеру нысанында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

 

259-бап. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторлары, уәкілетті органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларына:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы - уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;

2) мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторлары - уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;

3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы - уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адам;

4) мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары - уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адамдар жатады.

3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес берілген бақылау функцияларын іске асырады.

4. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

5. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының нұсқамаларын бақылау субъектілері орындауға міндетті.

 

260-бап. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтардан басқа:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

2) тексеру субъектілерінен өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті түсініктемелерді сұратуға және алуға;

3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.

2. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тексеру нәтижелері негізінде бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, олардың профилактикасы, оларды болғызбау, жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығаруға құқылы.

3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 3-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) тексеру нәтижелері бойынша уақтылы шаралар қабылдауға және әлеуметтік қорғау саласында бұзушылық фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген ден қою актілерін шығаруға;

2) әлеуметтік жұмыскер біліктілік талаптарына және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, өздеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда әлеуметтік жұмыскерді жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға;

3) арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактілер анықталған жағдайда тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен жұмыскерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға міндетті.

 

261-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға, сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

 

22-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

262-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастар осы Кодекске сәйкес регламенттеледі.

2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері осы Кодекстің 94-бабында көзделген мөлшерге сәйкес қайта есептелуге жатады.

3. Зейнетақы жинақтары зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру шеңберінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттары ашылған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарға қосылған болып есептеледі.

Жинақтаушы зейнетақы қоры деп Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданысы тоқтатылған, зейнетақы жарналарын және зейнетақы төлемдерін тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға түсініледі.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген жеке тұлғалар алдындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып табылады.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша, осы Кодекстің 55-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған зейнетақы жинақтарының жинақтаушы зейнетақы қорында болу кезеңіндегі зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты төлемақы алмай ұсынады.

6. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

1) осы Кодекстің 27-бабы 2-тармағының бірінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:»;

2) осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төленген күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен төлеушінің аударуына жатады.»;

3) осы Кодекстің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және аудару, олар бойынша өндіріп алу, оларды сақтау және есепке алу, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ шартты зейнетақы шоттарының құпиясы мәселелерін реттейтін нормаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын.

7. Мыналардың:

1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы бірінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, бұл абзац 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«18) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;»;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«18) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам.»;

2) осы Кодекстің 243-бабы 4) тармақшасының, 245-бабы 3-тармағының, 246-бабы 3-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

 

263-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Кодекстің 226-бабы 13-тармағының күші осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

3. Мыналар:

1) осы Кодекстің 17-бабы 1-тармағының 23), 24), 25), 26) тармақшалары, 78-бабы 2-тармағының төртінші және бесінші бөліктері, 85-бабы 1-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері, 113-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 181-бабының 3-тармағы, 240-бабының 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері, 243-бабының 5) тармақшасы, 244-бабының 2-тармағы, 245-бабының 4-тармағы, 246-бабының 4-тармағы, 248-бабы 9-тармағының 7) тармақшасы, 249-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады;

2) осы Кодекстің 35-бабы 2-тармағының 24) және 25) тармақшалары, 226-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші абзацтары, 5-тармағы, 227-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшалары 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

3) осы Кодекстің 138-бабының 5) тармақшасы, 142-бабының 2-тармағы, 156-бабы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

4) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 53) тармақшасы 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.

4. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) 40-баптың 5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«5. Агенттер:

1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есептеуге) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;

2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Кодекстің 255-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;

2) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: