«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 658 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:
4-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметшіге ағымдағы айға ақшалай ризықты төлеу ағымдағы айдың 25-і күні жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және халықаралық ұйымдарғаіссапарға жіберілген әскери қызметшілерге ақшалай ризық, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 74-тармағына сәйкес жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу